SMTP сервері үшін сертификат жасау

SMTP сервері үшін сертификат жасау үшін:

  1. Консоль ағашында өзіңізге қажетті Басқару серверінің атауы бар торапты таңдаңыз.
  2. Тораптың жұмыс аймағында Оқиғалар қойыншасын таңдаңыз.
  3. Хабарландырулар мен оқиғаларды экспорттау параметрлерін конфигурациялау сілтемесі арқылы өтіп, ашылатын тізімнен Хабарландыруларды конфигурациялау мәнін таңдаңыз.

    Оқиғалар сипаттары терезесі ашылады.

  4. Параметрлер сілтемесі бойынша Электрондық пошта қойыншасында Параметрлер терезесін ашыңыз.
  5. Сертификатты көрсету сілтемесі бойынша Параметрлер терезесінде Қол қоюға арналған сертификат терезесін ашыңыз.
  6. Қол қоюға арналған сертификат терезесінде Шолу түймесін басыңыз.

    Сертификат терезесі ашылады.

  7. Сертификат түрі ашылатын тізімінде сертификаттың жалпыға ортақ немесе жеке түрін таңдаңыз:
    • Жеке типтегі сертификат (PKCS #12 контейнері) таңдалған болса, сертификат файлы мен құпиясөзді көрсетіңіз.
    • Жалпыға ортақ сертификат (X.509 сертификаты) таңдалған болса:
      1. жеке кілт файлын (prk немесе pem кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз;
      2. жеке кілт құпиясөзін көрсетіңіз;
      3. жалпыға ортақ кілт файлын (cer кеңейтімі бар файл) көрсетіңіз.
  8. OK түймесін басыңыз.

Нәтижесінде, SMTP сервері үшін сертификат жазып беріледі.

Басына оралу